Таудағы өрт: Қызыл жалынның тарап кету қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таудағы өрт: Қызыл жалынның тарап кету қаупі бар

26.07.2022

Таудағы өрт әрең ауыздықталды. Алматыдағы Қимасар шатқалындағы қызыл жалынның жайылып кету қаупі бар. Сондықтан, өрт сөндірушілер бықсып жатқан аумаққа әлі су құйып жатыр.

Кеше кешкісін Медеу ауданында орналасқан таудың баурайында құрғап тұрған шөп тұтанған. Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Іле-Алатау ұлттық паркі мен Төтенше жағдай департаментінің және қалалық әкімдіктің 100-ге жуық қызметкері түнімен өртпен алысып, бүгін түске таман отты өшірді. 14 техниканың сыртында 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Гүлдана Нұрметова, қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

Құрғақ шөп, қураған ағаштардың көп тұтануына байланысты су төгу жұмыстары күннің аяғына жүргізілмек. Қарауылда Іле-Алатау паркінің қызметкерлері қалады. Жұмыс әлі де жалғасуда.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу