Алматы тауларында өрт шықты
Тілсіз жауды ауыздықтауға тікұшақ жұмылдырылды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Тау шатқалында өрт кеше кешкісін тұтанған. ТЖД-ға Медеу ауданы, Қимасар шатқалында құрғақ шөптің өртенгені жайлы хабар келіп түскен. Тез арада оқиға орнына 100-ге жуық өрт сөндіруші мен 14 техника және Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері жетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға екі бірдей тікұшақ та жұмылдырылды. Шатқал тік болғандықтан әрі қараңғы түсіп кеткендіктен, өрт сөндірушілер тауға жаяу көтерілуге мәжбүр болған. Осыдан бірер уақыт бұрын ғана қызыл жалын толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Мамандар қала қонақтары мен тұрғындардан таулы аймақта от жақпауды және темекі шекпеулерін сұрайды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндерде аптап ыстық болады. Бұл өрт қауіпін арттыра түседі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06