Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен бала аман-есен табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

25.07.2022

Шығыстағы Ұлан ауданы Таврия ауылында 3 жастағы бала жоғалып кетті.

Ата-анасының айтуынша, Әділхан кеше кешкісін әдеттегідей аулада ойнап отырған. Арада аз уақыт өткенде сәбиді таппай қалған.

Олжас Керейхан, тілші:

Әділхан Сейсенбай аман-есен табылды. Он екі мүшесі сау. Өз ауылынан 3 шақырым жерден егіннің арасынан полиция қызметкерлері тауып, әке-шешесіне табыстады.

Ал үш жастағы бала үш шақырым жерге қалай барғаны әзірге белгісіз. Ол жағын полиция қызметкерлері анықтайтын болады. 

Үш жастағы Әділханды іздеуге жалпы саны 700 ге жуық адам жұмылдырылды. Ол үшін Таврия ауылын 16 секторға бөлді. Іздестіру шарасы сол бойынша жүрді. Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы, төтенше жағдай қызметкерлері де толық жұмылдырылды. Еріктілер мен жергілікті әкімдік қызметкерлері және Таврия аулының тұрғындары таң атқанша іздеді. Ал бүгін әуеден шолып шығу үшін тікұшақ көтерілді. Бір тәулікке созылған жаппай іздеудің нәтижесінде Әділхан Сейсенбай отбасына оралды.


Хабарламаларға жазылу