Шымкентте зауыт аумағындағы қойма жанып кетті
Шымкентте алапат өрт болып, құрылыс материалдары мен тұрмыстық техника сақталған қойма мен бірнеше автокөлік жанып кетті. Апат кешкісін болған. Кірпіш зауытының аумағындағы қоймадан шыққан жалынды сөндіруге 4 сағаттай уақыт кетті. Апат салдарынан қойма ішіндегі заттармен қоса оның іргесінде тұрған бір жеңіл машина, бір «Камаз» жүк көлігі және оның үш бірдей тіркемесі өртенді. Отты сөндіруге әрекеттенген 39 жастағы азамат жарақат алды. Алайда ол жағдайының жақсы екенін айтып, ауруханаға жатудан бас тартқан. Апат орнына өрт сөндіру қызметінің 120 құтқарушысы мен 25 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем қызметі, полиция және «Қазақстан темір жолының» бір өрт сөндіру поезы да көмекке келді.
Эльмира Ережепова, Шымкент қаласы ТЖД өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
Ғимараттың өзі П тәрізді. Ішінде екі қабатты ғимараты бар. Алдын ала деректербойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған. Өрттің жалпы аумағы 1, 800 шаршы метр. Өрттің себептері мен шығыны анықталуда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22