Ресей, Түркия, Иран президенттері Тегеранда кездесті. Тараптар үшжақты және екіжақты келіссөздер өткізіп, Украина астығын экспорттау, Сирия мәселесін талқылады. Ресей президенті Путин Мәскеу мен Анкара Қара теңіз арқылы астық экспорттауға қатысты өткен аптадағы кездесуде алға ілгерілеу бар екенін атап өткен. Бірқатар шешілмеген түйіткілдер бар екені де айтылды.Украинаның ресми өкілдері де Киев пен Мәскеу астық экспортына қатысты ортақ келісім жасауға жақын қалды деп мәлімдеп отыр. Сонымен бірге Тегерандағы кездесуде үш президент Сирияда ұзаққа созылған соғысты да қозғады. Олар лаңкестердің көзін жою үшін ынтымақтастықты тұрақты түрде жалғастыруға келіскен. Осы форматтағы келесі кездесу Мәскеуде өтеді деп жоспарланып отыр.
Арай Төлегенқызы