Енді Алматыдағы «Алтын орда» базарында сауда жасайтындар ісін жүргізу үшін қосымша ақы немесе түрлі салықтар төлемейді. Базардың жаңа басшылығы бұрынғы иелері жасаған заңбұзушылықтарды жоюду қолға алған. Қазір олар нүктелерді жалға алу бағасын төмендетіп, тағы бір павильон салып жатыр.
Жыл басында Қытай, Қырғызстан сынды көрші елдер мен Қазақстанның басқа өңірлерінен азық-түлік әкеліп саудалайтын кәсіпкерлердің саны күрт төмендеп кеткен еді. Себебі базардың бұрыңғы басшылығы олардан ісін жүргізгені үшін 700 бен 1500 АҚШ доллары көлемін ақы алып отырған. Саудагерлер логистика үшін де қосымша ақша төлеп келгенін айтады.
Дәуіржан Ізбасаров, саудагер:
Кірген машинаға 33 мың теңге төлейтінбіз. Қазір 8 мың теңге төлейміз. Үстінде қосымша ақшасы жоқ. Алдында саудагерлер аз болған, қазір көбейіп жатыр. Қазір адам көп базарда.
Монополиядан жапа шеккендердің қатарында ет саудасымен айналысатындар да бар.
Әйгерім Тіленшиева, саудагер:
Оң өзгерістер болып жатыр. Аренда бағасы бұрынғыға қарағанда қазір төмен. Ең бастысы біз өзіміз қалаған етімізді алып кіргізіп жатырмыз. Бұрын біз солардың әкелген етін алатынбыз. Жақсы ет әкелсе де, жаман ет әкелсе де бізді алуға мәжбүрлейтін.
Базардың қазіргі басшысы ең алдымен монополияны алып тастаған. Жалға алу бағасын төмендетіп, төленбеген салықты өтеп жатырмыз дейді.
Данияр Әлпиев, «Алтын орда» базарының бас директоры:
Салық, өрт қауіпсіздігі, экологиялық, сәулет-құрылыс саласында өрескел ережебұзушылықтар анықталды. Көлеңкелі сауда жағын айтпаса да барлығыңызға белгілі. Біз қазір осы олқылықтарды түзетіп жатырмыз. Мақсатымыз саударгерге қолайлы жағдай жасап, базардағы тірлікті әрі қарай жандандыру.
Қазіргі басшылық әлеуметтік желілерде олар базарға заңсыз жолмен иелік етті деген ақпаратты жоққа шығарды. Бас директордың айтуынша, ол белгілі бір себептермен компаниядағы үлестің бір бөлігін досының атына рәсімдегенін және базардың барлық басқару ісін тек өзі ғана жүргізетінін жеткізді. Жалпы нысан жетекшілері ауысқалы ауқымджы шаралар атқарылды. Мысалы, айдың соңына дейін 900 орынға шақталған жаңа павильон қолданысқа берілмек. Бүгінде мұнда 3000-нан астам азамат жұмыс істейді.
Нұрсұлтан Тілектесов