Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты тең деректер жарияланды. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия тергеудің ерекше бақылауда екенін хабарлады.
Асылбек Данияр, тілші:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айналысып жатқан іс бойынша айыпталушылар Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев және Гүлмира Сатыбалды Люксембургтен 170 миллион долларды өз еркімен қайтарған.
Сондай-ақ құзырлы орган «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 миллиард теңгені өтеткен.
«ӨКМ» операторы ісі бойынша шамамен 180 миллиард теңгені жымқырмақ болған, бірақ жолы кесілді. Оның шамамен 100 миллиард теңгесі жеңілдіктеліген автонесиелеуге бағытталды делінген ресми ақпаратта.
Бұдан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерінің ісі бойынша Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 миллион доллар қайтарылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі, Боранбаевқа қатысты істі тергеп-тексеру барысында «Қазмұнайға» 11,3 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді.
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты істе 5,5 миллион доллар және 200 мың еуроны Ұлттық Банкке аудару процесі жүріп жатыр. Мемлекет пайдасына 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік және Алматы қаласынан 30 жылжымайтын мүлік тәркіленген.
Ал «Forbes» тізіміндегі кәсіпкер Шығыс Қазақстанда Анатолий Балушкинге прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады. Жалпы ел қазынасына 230 миллиард теңге қайтарылған.
Сондай-ақ комиссия Алматыдағы ірі көтерме сауда базары мен «Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылуы мүмкін екенін айтты.