Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қазақстан мен Ресей ынтымағы жаңа қарқынмен дамиды

Сарапшы: Қазақстан мен Ресей ынтымағы жаңа қарқынмен дамиды

Алдағы бірнеше жылда Қазақстан мен Ресей арасында барлық сала бойынша ынтымақтастық өте жылдам қарқынмен дамиды. Қазақстандық сарапшылар осындай пікірде. Әсіресе көлік-логистика, мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы бойынша жоспар ауқымды. Бизнес өкілдері де бірлескен жобаларды қолға алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Президенттің Ресейге жасаған сапарынан кейін ынтымақтаса жұмыс істеуге қос ел үкіметі барынша жағдай жасайды дейді олар.

Айдар Әмребаев, салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі:

Қазақстанда 170-тен астам бірлескен бағдарламалар жасалып жатыр. Және тағы инвестицияны айтатын болсақ, бізде әртүрлі Ресей компаниялары Қазақстанға 50 млрд-тан астам қаржы салып жатыр. Сондықтан екі елдің қарым-қатынасы өте сенімді және прогматикалық жағынан тиімді деп айтуға болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына шыққан «Мәңгілік достық - халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты мақаласында стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшуі туралы декларацияға қол қойылатынын жеткізді. Мақалада «Менің Мәскеуге сапарымның күн тәртібі кең. Соның ішінде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшуі туралы декларацияға қол қою басты мәселе болмақ. Әрине, бұл құжат екіжақты байланыстың жаңа дәуірін ашып, өзара сенімділіктің бұрын-соңды болмаған деңгейін және барлық бағыт бойынша тығыз жұмыс істеуге бірлескен дайындықты бастайды» делінген.


Бөлісу