Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр
«Жұмысшы мамандықтар – экономикалық өсімнің қозғаушы күші». Оралда өтіп жатқан Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы осы тақырыпты қаузады. Екі күнге созылатын маңызды жиын Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің X отырысымен ашылып, тақырыптық сессияларға жалғасты.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Жиырма бірінші рет өтіп жатқан өңіраралық форум – кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін таптырмас ынтымақтастық алаңы. Іс-шараға 300-ден астам бизнес өкілі мен сарапшы маман қатысып жатыр. Алдымен іскерлік кеңес отырысында олар жұмысшы мамандықты даярлаудағы кейбір мәселелерді қаузады. Ал тақырыптық сессияларда жасанды интеллект дәуірінде жұмысшы мамандықтардың бәсекеге қабілетті болуы, энергетика мен өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларында жаңа мамандарды даярлау ісін талқылады. Форум аясында қос елдің бизнес өкілдері оннан астам өзара әріптестік келісіміне қол қойды.
Антон Логинов, Ресейдің Қазақстан республикасындағы сауда өкілі:
Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперация мәселелерінің тізімінде жалпы инвестиция көлемі 56 млрд долларды құрайтын 175 жоба бар. Тауар айналымына келетін болсақ, өткен жылы жалпы тауар айналымы Қазақстанның статистикасы бойынша 28 млрд долларды құрады. Биыл жыл әлі біткен жоқ, деректер 17 млрд долларды көрсетеді.
Форум аясындағы іс-шаралар ертең де жалғасады. Екі елдің Мемлекет басшылары бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00