Сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ұлттық арнаға берген көлемді сұхбатында айтты. Қазір елде азық-түлік сататын әр бір орынның осы талапты сақтауына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ жұртты өніммен қамтуда монополияға қарсы шаралар да қолға алынды. Қазіргі құбылмалы уақытта қымбатшылықты барынша тежеу үшін өңірлерде тұрақтандыру қорларын құру маңызды. Соған қаржы бөлініп жатыр. Бірақ түптеп келгенде ішкі нарықты қарық қылмай проблема шешілмейді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Жүйелі шаралар да іске асырылуда. Ішкі нарықты отандық өніммен толық қамту мәселесі. Ол үшін біз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін қаржылай мемлекет көмегін биыл ұлғайтып жатырмыз. Екі есе ұлғайттық. Өнеркәсіп өндірісіне келсек біз отандық кәсіпорындарды мынау импорт алмастыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру және экспортты ұлғайтуға арнайы бағдарлама қабылданды.
Бұл Үкімет басшысының Ұлттық арнаға берген сұхбатынан үзінді. Көлемді сұхбатты бүгін сағат 20:30 да «Жаңа Қазақстан» бағдарламасынан көре аласыздар. Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік әрі экономикалық саладағы негізгі деген мәселелерге пікір білдіріп, Үкіметтің жұмыс жоспарымен бөлісті.