Шымкентте 3 жарым мың адам орталыққа жаяу қатынайды
Жақын, жақын да болса алыс. Шымкенттегі «Қызылсай» шағын ауданы қала аумағында болса да тұрғындар үйіне көрші Түркістан облысы аумағы арқылы айналып келуге мәжбүр. Аралда қалып қойған аумаққа бірде бір қоғамдық көлік қатынамайды. Жұрт орталыққа жаяу жетуге мәжбүр.
Қызылсайды орталықтан ажыратқан шойын жол. Көлік мінген жұрт жаяу адам бірер аттап жететін темір жолдың арғы бетіне айналама жолмен 1 сағат жүріп жетеді. Ал көлігі жоқтар күре жолға жету үшін жанын шүберекке түйіп, 6 жолақты темір жолды кесіп өтуге мәжбүр.
Нәзипа Әлжанова, қала тұрғыны:
Балдар түгіл үлкен адамдарды қағып кетіп жатыр пойыз. Жақын күні мен тоқтап тұрған тепловоздың артынан өтіп бара жатқан кезде ар жағынан пойыз келіп қалды. Алдыңда тепловоз тұрған соң көрмейсің,
Қызылсайға ел қоныстағалы 60 жылдан асты. Бүгінде 700-ге жуық отбасы тіршілік етеді. Аяқ асты сырқаттанып, төтеннен өрт бола қалса, мұндағылардың жағдайы тіпті қиын. Жедел жәрдем де, төтенше жағдай қызметі де бір сағаттан ерте келе алмайды.
Ерболат Мәтенов, қала тұрғыны:
Скорыйлар қыста мүлде жүре алмайды бұл жақтан. Через Сайрамды айналып келу үшін бір сағат өтіп кетеді. Адам уже кете береді ондай бір сағатқа жетпейді да!
Бір жақ беті тұтастай темір жолмен тұйықталған ауыл халқы орталықпен тек іргедегі Сайрам ауданы арқылы ғана барыс келіс жасайды. Жергілікті билік осыдан 10 жыл бұрын шойын жолдың астынан өткел салып береміз деп уәде еткен. Содан бері істелген дәнеңе жоқ. Еститіндері құрғақ уәде, бос сөз. Жол салу ісі әлі жоба күйінде тұр.
Азамат Парманов, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары:
Сол жерде қаржы қаралған жағдайда мемлекеттік сатып алу конкурсы бар шамамен енді келесі жылдың басында жұмыстар басталып келесі жылдың соңында толығымен аяқтау жоспарда бар.
Жоба бойынша өткелдің ұзындығы 800 метр. Әкімдік бұл мәселені қала мәслихатының кезекті сессиясының қарауына ұсынып, қаржы сұрап көрмек. Қызылсайлықтардың ендігі үміті халық қалаулыларында.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24