Украина қарулы күштеріне Ресей басып алған оңтүстіктегі жерлерін қайтаруға дайындалу туралы бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина қарулы күштеріне Ресей басып алған оңтүстіктегі жерлерін қайтаруға дайындалу туралы бұйрық берілді

11.07.2022

Украина қарулы күштеріне Ресей басып алған оңтүстіктегі жерлерін қайтаруға дайындалу туралы бұйрық берілді. Елдің қорғаныс министрі британиялық «Сандэй Таймс» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін Киев серіктестерінен нақты қару түрлерін сұрап отыр. Өткен аптада Украина билігі Запорожье мен Херсон облыстарының тұрғындарына ірі шайқас болатынын ескертіп, бұл аумақтардан кетуге үндеді. Ал сенбіде Ресей күштері Донецк облысының Часов Яр қаласын зымырандармен атқылаған. Снаряд тұрғын үйге құлап, 15 адам қаза тапты. Үйінділер астында 20-дан астам тұрғын болуы мүмкін. Ресейдің Қорғаныс министрлігі 30-дай украиналық сарбаз мерт болғанын мәлімдеді. Алайда тұрғын үйге ракета түскені туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Президент Владимир Зеленский болса, Украина қалаларын атқылауға қатысқан барлық ресейлік әскери қызметкер анықталатынын ескертті.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу