Қаңтар оқиғасы: Сарбаз ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды
Қаңтар оқиғасы кезінде батыл да қайсар әрекетімен қоғам тыныштығы үшін күрескен әскери сарбаз Самандар Тәшкенбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
«Ұлттық Ұланның» сапында қызмет ететін сарбаз тәртіпсіздік кезінде бұзақыларға тойтарыс беріп, жолындағысын қиратып келе жатқан техниканы тоқтатып қалған болатын. Самандар Ташкенбаев №6506 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 8-ші ротаның командирі. 21 жастағы Самандар Тәшкенбаевтың Қаңтар оқиғасы кезінде әскери қызметке алынғанына әлі жыл да толмаған еді. Сын сағатта әбжіл қимылдап, ел мен жерді қорғап қалған оның әрекеті енді көпке үлгі болады.
Талапкер Әміреев, ҚР Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшысы:
Жүрегіме қолымды қойып айтқым келеді. Негізі 90 пайыз жастар жоғары тәрбиесі бар, патриоттық сезімі бар. Аталарына, әкелеріне қарап өседі. Дұрыс тәрбие берсе еліміздің деңгейі жоғары болады деген ойым бар.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарулы күштердің үздіктері марапатталды
19.12.2025, 17:40
Көлік және логистика саласының үздіктері анықталды
19.12.2025, 17:39
ҚХА елордалық ерекше балаларды қуантты
19.12.2025, 17:38
Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
19.12.2025, 17:35
СҚО балықшыларына ескерту айтылды
19.12.2025, 17:33
ШҚО-да қар көшкіні жүретін 500-ге жуық аумақ бар
19.12.2025, 17:31
Алыстағы ауыл мектептеріне цифрлық құрылғылар беріледі
19.12.2025, 17:29
Қонаев қаласында медициналық университет салынады
19.12.2025, 17:27