Шри-Ланкада президент пен премьер-министр отставкаға кетуге келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкада президент пен премьер-министр отставкаға кетуге келісті

11.07.2022

Шри-Ланкада халықтың жаппай шеруінен кейін президент пен премьер-министр қызметтен кететінін жариялады. Оппозициялық партиялар жаңа үкімет құру мәселесін талқылайды. Елдегі экономикалық дағдарыстан ашынған халық наурыздан бері шеру өткізіп келеді. Ал өткен аптада мыңдаған адам президент резицендиясын басып алып, премьер-министрдің үйін өртеген. Ел астанасы бүгін сәл де болса тынышталды. Айта кетсек, Шри-Ланкада инфляция өткен айда 50 пайызға жеткен. Ал сыртқы қарыз 50 млрд доллардан асқан. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, ел «өткір гуманитарлық дағдарысты» бастан өткеріп жатыр. Мұнда бензин мүлдем жоқ, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы. Қажетті тауарды сырттан сатып алу үшін шетел валютасы таусылған. Жағдайды жақсарту үшін ел билігі халықаралық ұйымдардан 5 млрд доллар қарыз алуға келіссөз жүргізген. Алайда одан нәтиже шыққан жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу