Елордадағы хосписті жаңа ғимаратқа көшіру жағын қарастырамыз - Алтай Көлгінов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы хосписті жаңа ғимаратқа көшіру жағын қарастырамыз - Алтай Көлгінов

08.07.2022

Елордадағы хосписті жаңа ғимаратқа көшіру жағын қарастырамыз, деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Нысан арнайы жарақталмаған. Бұл ондағы науқастардың қимыл-қозғалысына қиындық тудырады. Ал хоспис дегеніміз – ауруханадан емі табылмай шығарылған сырқат адамдарға күтім жасалатын жер. Қала әкімі олардың жағдайын жақсарту үшін тамыздағы сессия отырысында қаржы бөлінетінін айтты. Бірінші кезекте жабдықтармен қамтылады.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Иә, ол жерде біз қолдау көрсетеміз. Өзінің ғимараты бойынша алдағы уақытта қарастырамыз. Қазір өзінің ғимараты жоқ. Егер басқа ғимараттар оптимизация жасап жатқанда босаса хосписке бөлеміз.

Алданған 16 мыңдай үлескердің 13 мыңы баспанаға қол жеткізді. Өзгелерінің мәселесі келер жылдан қалмай шешіледі, деді әкім. Бас қалада халық саны да өсіп барады. 2035 жылға қарай тағы екі есе артуы мүмкін. Осы ретте, әсіресе қолжетімді баспанаға көңіл бөлініп жатыр. Кезекте 50 мыңдай адам тұр. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүргізетін компаниялар белгілі бір шаршы метрін арзандатылған бағада сатуға міндеттеліп отыр.

Бас жоспарға сәйкес шахарда қосымша 162 мектеп, 150 ден аса балабақша мен 80 емдеу орны салынады.


Хабарламаларға жазылу