Борис Джонсон бүгін Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен және Консервативтік партия жетекшілігінен отставкаға кетеді. Алайда ол үкімет басшысы міндетін күзге дейін, яғни, жаңа лидер таңдалғанша атқарады.
Бұл корольдікте премьерге сеніммен байланысты саяси дағдарыс бірнеше айдан бері өршіп, осы аптада шарықтау шегіне жетті. Соңғы күндері Британияда 50-ден астам министр қызметінен кетті. Олардың ішінде Джонсонның ең жақын сыбайластары да бар.
Айта кетсек, Джонсон талай рет жалған сөйледі, билікқұмар деп айыпталды. Сонымен қатар, ол пандемия кезінде резиденциясында кеш өткізгені үшін үлкен дауға ұрынды.
Джонсон өзіне тағылған кінәларды алғашында жоққа шығарғанымен, кейіннен айыбын мойындап, көпшіліктен бірнеше рет кешірім сұрады.
Арыстан Рысбек