Шри-Ланкада үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр. Оларды тарату үшін тәртіп сақшылары су шашатын машиналар мен көз жасаурататын газды қолданды. Демонстранттар парламент ғимаратының жанына жиналып, премьер-министр Готобая Раджапаксаның отставкаға кетуін талап етті. Айта кетсек, Шри-Ланка соңғы онжылдықтағы ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр.Халық, әсіресе, жанармай, электр қуаты мен азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр. Ал, дәрігерлердің сөзінше, денсаулық сақтау жүйесі толық күйреуге жақын тұр. Үкімет басшысы , алапат дағдарысты еңсеру үшін Үндістан мен Қытайдан қаржы тартты. Алайда, одан жағдай түзеле қойған жоқ. Қаражатқа өте мұқтаж Шри-Ланка жанармай имппорттау үшін Ресейден де көмек сұрап отыр.
Арыстан Рысбек