Қазақстанда әзір карантиндік шектеулер енгізілмейді - Ажар Ғиният
Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты әзір карантиндік шектеулер енгізілмейді. Бұл туралы Үкімет қабырғасында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Бірақ мамандар адамдар көп шоғырланатын сауда үйлері, әуежайлар мен вокзалдар секілді орындарда бетперде киюге кеңес беріп отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында вирус жұқтырғандардың тек 5 пайызы шетелден келгендер. Сондықтан әзір шекарадан кіретіндерге ПТР-тест тапсыру міндеттелген жоқ. Ведомство басшысы «қазір елде ұжымдық иммунитет қалыптасты» деп отыр. Жағдай күнделікті бақылауда. Еске сала кетейік, вирус жұқтыру бойынша кеше Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қазақстан «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте елімізде 187 адам вирус жұқтырды. Оның 112-сі Алматы қаласында, 37-сі елордада тіркелген.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ауырған адамдардың 80 пайызы вакцинация алмаған. Немесе ревакцинация уақыт өтіп кеткен. Аурулардың көпшілігі өте жеңіл түрінде ауырып жатыр. Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша 220 пациент ауруханада жатыр. 11-нің жағдайы қатаң. Бірақ өкпе жетілдіру аппаратында жатқан пациенттер жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10