Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайыз жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайыз жаңарды

01.07.2022

Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайыз жаңарды. Қазір қалада ескі автобус көрінбейді. Тұрғындар су жаңа, заманауи көліктермен қатынауда. Автобустардың қатары тағы 12 көлікпен толықты. Олар «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының әлеуметтік жобасы аясында алынған. Заманауи үлгіде жабдықталған қоғамдық көліктер 56 орындық. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға пандустар мен арнайы орын қарастырылған. Интернет желісі бар. Төлемді онлайн жасау үшін, валидаторлар қойылған. Бастысы, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін орнатылған 4 бейнекамера полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Қалада ескі қоғамдық көліктерді заманауи автобустарға ауыстыру, бұдан 2 жыл бұрын басталған. Биыл жыл соңына дейін тағы 16 автобус алынбақ.

Руслан Гайбатов, Ақтау қаласының тұрғыны:

Біріншіден мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай бар және желдеткіші бар. Біздің ыстықта бұл өте маңызды. Осылай жалғастыра берсін, көбейе берсін.


Хабарламаларға жазылу