Басты Жаңалықтар Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды

Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды

Республика күніне орай әлемге әйгілі Ниагара сарқырамасы көк байрағымыздың түсіне боялды. Мұндай ерекше көрініске Канададағы Қазақстан елшілігі мұрындық болған.

15 минутқа созылған шараны тамашалауға сол жақтағы отандастарымыз жиналды. Олар көк туымызды желбіретіп, ұлттық киім киіп, мерекені бірге атап өтті. Осылайша, ел мерекесі Солтүстік Американың ең танымал табиғи нысандарының бірінде айрықша аталып өтті.

Бөлісу