Елімізде қазақ анимациясының шығармашылық бірлестігі құрылады. Және бұл мекеме биылғы жылы пилоттық жоба ретінде балаларға арналған 10 фильм әзірлеп ұсынады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бүгін Шымкент қаласы жұртшылығымен кездесуінде айтты.
Қазақ мультфильміне жарты ғасырдан асты. Әлі күнге құлашын жазып, қадамын нық баса алмай келе жатқан салада биыл бірқатар оңды өзгерістер болмақ. Анимациялық киностудиялар ортақ бірлестікке шоғыраланады. Сондай-ақ, биыл балаларға арналған рейтингісі жоғары шетелдік фильмдерді дубляж жасауға мемлекеттен қаржы бөлінеді.
Керімбек Ниязбай, «Жебе» компаниясының басшысы:
Анимация саласына бөлінген қаржы өз алдына бөлек, сол салаға жетіп отыру керек. Қазақфильм мекемесі секілді Қазақмультфильм мекемесі бой көтеретін болса онда сала және жаңа Қазақстанда бала тәрбиесінің жақсы болатынына сенімдімін.
Кездесу барысында мәдениет және спорт министрі өнер туризм саласындағы жетістер жайына да тоқталды. Биыл Шымкент қаласында 10 мәдениет ошағына жөндеу жүргізілуде, Жаңадан 2 өнер ордасы салынып жатыр. Ал мегаполиске саяхаттап келген туристер саны биыл 30 пайызға өскен.
Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі:
2022 жылы сәуір аралығында туристік салаға 75 миллиард теңге тартылды. 26 елмен 80 бағыт бойынша әуе қатынасы келтірілуде. Шетелдік азаматтардың шекарадан құрылық арқылы кесіп өтуіне шектеу алынып тасталды.
Министр халықпен кездесу барысында спорт және мәдениет қызметкерлерін толғандырған өзге де сауалдарға жауап берді.
Ғани Қалмаханов