Алматыда «Стелс-Омикрон» штамы тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Стелс-Омикрон» штамы тарады

30.06.2022

Алматыда коронавирус инфекциясының «Стелс-Омикрон» штамы тарады. Алып шаһар сары аймаққа енуі мүмкін. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ескертті.

Соңғы 2 аптада мегаполисте індет күн сайын көбейіп, өткен тәулікте 77 адамнан инфекция анықталған. Стелс-омикрон жұқтырғандардың басым бөлігі - вакцинация мен ревакцинация алмағандар, дейді қоғамдық денсаулық басқармасы. Дәрігерлердің айтуынша, бұл штамның әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға енетін қабілеті жоғары. Індетті дер кезінде тоқтату үшін, алматылықтарға қайта вакцина алу қажет.

Қазір қала бойынша 64 егу пункті жұмыс істеп тұр. Тұрғындар үшін «QazVak, Vero Cell және Пфайзер-дің 6 мыңнан астам дозасы қолжетімді. Мегаполиске "Пфайзер" екпесінің шамамен он мың дозасы қосымша жеткізіледі.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу