«Жемқорлықтың символы» аталып кеткен елордадағы «LRT» ақыры салынатын болды. Бұл туралы қала әкімі арнамызға берген сұқбатында айтты. Мұндай шешім қазақстандық және халықаралық көлік транспорт сарапшылары мен тұрғындардың өтінішінен кейін қабылданыпты. Мамандар жобаны аяқтаған кезде кезде ғана көлік кептелісі реттелетінін айтыпты. Оның үстіне қазіргі бағандарды бұзу үшін қыруар қаржы керек, дейді. Алтай Көлгіновтің айтуынша, осы жоба үшін Қазақстан шетелден 475 миллион АҚШ долларын қарызға алған. Сонымен бірге, «LRT»-ның құрылысын өзгертуге болмайды. Алдын ала жоспарланған кезде инженерлік желілер, құрылғылардың барлығы осы жобаға жоспарланған, деді. Ал, жұмысты аяғына жеткізу үшін тағы 1 миллиард АҚШ доллары қажет.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Сол үшін қайтадан қайтып келдік. Қаланың өсу қарқынын, қаланың тұрғындарының және нысандардың бәрі жасалған жұмыс сосын келісім шарт жасалған, ол енді халықаралық міндеттемелерден алынған. Ол жерде арбитраж деген бар, соттасуы мүмкін. Сонда түбіне келгенде оны аяқтау абзал болып тұр.