БҰҰ отырысы: Зеленский Ресейді ұйым құрамынан шығаруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ отырысы: Зеленский Ресейді ұйым құрамынан шығаруды сұрады

29.06.2022

Украина президенті Владимир Зеленский видеобайланыс арқылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінен Ресейді өз құрамынан шығаруды сұрады. Сонымен бірге ол Ресей әскерилерінің Украинадағы әрекеттерін тергеу үшін трибунал құруға шақырды. Қауіпсіздік Кеңесі Украинаның Кременчуг қаласындағы сауда үйіне жасалған шабуыл құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік сақтады. Естеріңізге салайық, Ресей күштерінің әуе соққысынан 18 адам қаза тапқан еді. Ресми Мәскеу сауда үйін зымырандармен атқылғанын жоққа шығарып отыр. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский болса, Украина президентінің бейнебайланысқа шығуы халықаралық органның беделіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеді. «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Зеленскийдің қашықтағы пиар-кампаниясына айналмауы тиіс»,-деді ол.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу