Мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы халыққа онлайн түрде қолжетімді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Жиында саланы цифрландыру жұмыстары кеңінен талқыланды.
Дарын Сағитов тілші:
Айтқандай-ақ қазір мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы онлайн көрсетіледі. Бірақ ведомство басшысы кейбір органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет деді. Қазір қызмет түрлерінің саны 1300-ден асып кеткен. Мысалы, «жылжымайтын мүлікті тіркеу» қызметінің 26 түрі бар. «Электронды үкімет» мобильдік қосымшасы арқылы электронды қызметтерді пайдалану екі есе өскен. Қызметтердің 66 пайызы ұялы телефондар арқылы қолжетімді. Қазір азаматтарға 18 құжат екінші деңгейлі банктерге тиеслі өзге де цифрлық платформаларда көрсетіледі. Үкімет басышсы Әлихан Смайлов қолжетімсіз мемлкеттік қызметтерді 3 ай ішінде электрондық форматқа көшіруді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Цифрлық құжаттардың қоданыс аясын кеңейте отырып, олардың санын арттыру қажет. Қолданыстағы барлық цифрлық құжаттарды барлық мемлкеттік органдар заңды түрде мойындауы тиіс. Сондай-ақ, оларды әртүрлі ресурстарға орналастыру қауіпсіздігін де оайластыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне орталық мемлекттік органдармен бірелсіп, 2 ай мерзімде осы мәселені техникалық тұрғыдан іске асыру жоспарын бекітуді тапсырамын.
Отырыста Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың негізгі тәсілдері де пысықталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров халықтың 93 пайызға жуығы цифрлық телерадиоға қол жеткізіп отыр деді. 11 өңір толығымен цифрлық хабар таратуға көшкен. Қалған 6 өңірді жыл соңына дейін заманауи телерадио тарату жүйесімен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл Шығыс Қазақстан облысында 6 радиотелевизиялық станцияны іске қосу көзделген. Үкімет басшысы қоғамдық пікірді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екенін баса айтты. Баспасөзге оңтайлы жағдай жасау маңызды. Сондықтан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын жыл соңына дейін Парламентке енгізуді тапсырды.