Қанттың орташа бағасы 480 теңге болуы тиіс – Премьер-министр
Жеке кәсіпкерлер қант бағасын қолдан көтеріп отыр. Қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге болуы тиіс. Азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі кеңесте Әлихан Смайылов мәселені реттеуді тапсырды.
Салалық комитет мәліметінше, бөлшек сауда нысандарының үстемені 15 пайыздан асырмауын әкімдіктер бақылап отыр. Соңғы апталарда үй жанындағы 42 мыңнан астам дүкенге рейд жүргізілген. Нәтижесінде 712 заң бұзушылық анықталып, қажетті шаралар қабылданды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Халық айына 59 мың тонна қант тұтынады. Ал қоры 100 мың тоннадан асады. Демек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қор жеткілікті. Бірақ үй жанындағы дүкендерде қант 700-800 теңгеден сатылады. Бұл – сұранысты пайдаланып, үстеме ақы қойып отырған жеке тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Жалпы, қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге болуы тиіс. Мұны ретке келтіру керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06