Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен сенаторлар кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен сенаторлар кеңесінің отырысы өтті

24.06.2022

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен сенаторлар кеңесінің отырысы өтті. Жиынның басты тақырыбы «Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанның негізі». Сенат төрағасы бүгінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, Жаңа Қазақстан құру жолында кешенді реформалар қолға алынғанын тілге тиек етті. Мәулен Әшімбаев реформаларды сапалы заңнамамен қамтамасыз ету, Палатаның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін айтты. Бұл ретте алдыңғы буын мемлекет қайраткерлерінің, оның ішінде Сенаторлар кеңесі мүшелерінің мол тәжірибесі мен білімі үлкен мәнге ие деді, сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осы саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалардың ең негізгі мақсаты ол елімізде әділетті саяси және экономикалық жүйені құру деп айтсақ орынды болар.


Хабарламаларға жазылу