Жаңа оқулықтардың мәтіні бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқулықтардың мәтіні бекітілді

24.06.2022

Халықаралық Түркі академиясы ғылыми кеңесінің төрағалығы Қазақстанға берілді. Ғылыми кеңесінің 5-ші отырысында тараптар осындай шешім қабылдап, Ғылым және жоғарғы оқу министрі Саясат Нұрбекті кеңес төрағасы етіп бекітті.

Ал Өзбекстан халықаралық ұйымға бақылаушы мәртебесін алды. Академияның ғылыми кеңесі бірнеше оқулықтың бағдарламасы мен мәтінін бекітті. Енді «Ортақ түрік тарихы», «Түркі әлемі географиясы» және «Ортақ түрік әдебиеті» пәндері орта білім беру мекемелерінде оқытылады. Бұған дейін бұл пәндердің бірі 8-сынып оқушылары үшін факультативті пән ретінде оқытылып келген еді. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының басшысы: 

Түркі академиясы былтырғы саммиттен кейін көптеген жұмыс атқарды. Соның ішінде біріншіден, оқулықтарды аяқтадық. Оқулық 7-8 сыныптарға арналған. Эксперттердің кеңесі өтті. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғарғы оқу министрі: 

Өзіме түскен үлкен жауапкершілік. Үлкен салмақ деп қабылдаймын. Енді Қазақстан Түркі академиясы ғылыми кеңесінің төрағасы болады. Түркі мәдениет, өркениеті аз зерттелген. Адамзат тарихында түркі әлемі өте маңызды орын алған.

Хабарламаларға жазылу