Басты Жаңалықтар Шығыстағы Рахман Қайнарына дейін жол асфальтталды

Шығыстағы Рахман Қайнарына дейін жол асфальтталды

Шығыстағы Рахман Қайнарына баратын жол пайдалануға берілді. Биік таудың бөктеріндегі құз, жартастың арасындағы 13 шақырым жол өте күрделі. Сондықтан бұрынғы соқпақтың сілеміне енді тақтайдай тас жол төселді. Нәтижесінде Мұзтауды  көргісі келетін туристер еш қиндықсыз жетеді.

Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары. Бұл  республикалық маңызға ие жол. Алайда 437-шіден 450-ге дейінгі 13 шақырым жер құз-жартас болатын. Алтайды алыстан аңсап келген талай туристің осы тұсқа келгенде тауы шағылатын. Сілікпеңді шығаратын сілем жол енді теп-тегіс болды.

Серік Алтайұлы, Қатонғарағай аулыынң тұрғыны:

Келу үшін мұнда тек қана жол талғамайтын көлік керек болды. Одан кейін жету үшін 15 шақырымды 1 сағат уақыт жоғалтатынбыз. Қазір екі есе, үш есе азайды. 20 минутта келуге болады.

Құрылысшылар тауды кесіп, тасты кесіп жолды 2 жылда салды. Оның бойында 4 көпір, 23 су өткізу құбыры, санитарлық тораптар мен шолу алаңдары да бар.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:

Президентіміздің алдымызға қойып отырған басты міндетінің бірі де бірегейі осы жол саласына байланысты. 08.17.58 - Өңірлер арасындағы байланысты жақсарту. Бастысы тұрғындар болсын, экономика кәсіпкерлік саласындағы кісілердің жұмыстары  болсын, жақсы жолда, қауіпсіз жолда жүруі керек. 

Мұзтаудың мұнар басын көріп, Рахман Қайнары мен маралдың сорпасына түсуге жаз шыға жыл сайын мыңдаған турист келетін. Жол салынды. Енді Қатонқарғайдағы әуежай пайдалануға берілген соң Алтай тіпті жақындай түспек.


Бөлісу