Алматыда «Сергек» камераларының саны артады
Алматыда жыл соңына дейін қосымша 1 000-нан аса бақылау құрылғысы орнатылмақ. Бұл туралы қала әкімі тұрғындармен кездесуінде айтты.
Маңыздысы – 200 камера тұрғын үйлердің аулаларына қойылады. Мұндай жұмыстар бұрын бюджет есебінен атқарылмайтын. Сондай-ақ шаһар басшысы ескіріп, құлауға шақ қалған ағаштарды кесу жұмыстары басталғанын жеткізді. Ол үшін азаматтар әкімдікке өздері хабарласып, өтініш тастауы керек.
Жалпы Алматы бойынша 3 000 теректі жою жоспарда бар. Бұдан өзге Ерболат Досаев Сайран көлінің түбін тазарту қолға алынғанын атап өтті. Тұрғындарға қолжетімді демалыс ұйымдастыру үшін аймақты абаттандыру жобасы да әзірленген. Ол шаралар келер жылы басталмақ.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Шілде айында Сайран көлінің түбін тазарту бойынша сараптама қорытындысы шығады. Одан кейін көлдің жанында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салып, ойын алаңдары бар шағын саябақ құрамыз. Аталмыш жобаны келер жылдан-ақ қолға аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06