Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччимен кездесті. Қазақстандағы референдумды бақылауға арнайы миссия жібергені және қатысқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Маттео Мекаччи де саяси науқанды Бағалау жөніндегі миссияның өзара тығыз іс-қимылы мен қолдауын ерекше атап өтті. Орталық сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығына жоғары баға берді.
Бұдан бөлек, соңғы 12 жылда алғаш рет елдегі парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссияның қорытынды есебінде кей ережелер мен ұсыныстарды пәндік және кәсіби талқылау мүмкіндігін бергенін айтты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру мен қос тараптың ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.