Ақмола облысында тексерілген өнімдердің 117-сі талапқа сай болмай шықты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі барлығы 1550 тауарды тексерген. 915-і азық-түлік. Оның 66-сы талапқа сай еместігі анықталды. Олардың ішінде ет және сүт өнімдері, макарон, тәттілер бар. Сондай-ақ, өзге де 638 өнім тексеріліп, 51 сәйкессіздік анықталды. Бұл санатта киім-кешек көш басТАП тұр. Балалар ойыншықтарының талапқа сай келмеуі де көп. Сәйкессіздік анықталған өнімдердің 80 пайызы импорттық тауарлар. Тексеріс қорытындысы бойынша 63 кәсіпкерлік нысанға олқылықтарды жою жөнінде нұсқама жіберілді.
Жанар Қалиева, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Сәйкессіздіктердің 75 пайызы тауарларды таңбалауға байланысты. Сақтау ережесі мен мерзімі көрсетілмеген. Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ. 6 пайызы микробиологиялық, 9 проценттер астамы физика-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай келмейді. Тұтынушыны алдау да бар, яғни көрсетілген ақпарат тауар құрамымен сәйкес келмейді.
Ермек Елберген