Батыс Қазақстандағы өзен-көлдерде тырысқақ қоздырғышы табылды
Батыс Қазақстан облысында өзен-көлдерде тырысқақ қоздырғышы табылды. Бұл қаншалықты қауіпті? Қазір өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы скайп арқылы бізбен тікелей эфирге шығуға әзір.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Өңірдегі өзен-көлдерден тырысқақ вибрионы табылды. Мамандар ашық су көздерінен 73 сынама алып, талдау жасаған. Солардың 14-інен «вибрион холера non 01» деп аталатын қоздырғыш анықталған. Бірақ алаңдауға негіз жоқ, дейді мамандар. Қазіргі мәлімет бойынша, өңірде тырысқақ ауруы тіркелмеген. Өзен-көлдерге суға түсіп, қоздырғышты жұқтырған күннің өзінде, ауру жеңіл өтеді, емі бар, дейді мамандар.
Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:
Тырысқақ ауруы - фекалды-оралды жолмен таралатын аурулардың бірі. Мұның 150-ден астам серологиялық түрлері болады, топтары. Патогенді, патогенсіз. Біздің облысымызда тіркелетіні патогенсізі. Ауру белгісі - іш өтумен кетеді. Тұрғындардан суды қайнатып ішу, суға түскен кезде суды жұтып қоймау, ең бастысы, жеке бас гигиенасын сақтауымыз қажет. Қазір суға түсу маусымы, сондықтан мамандар тазалықты сақтап, абай болуға кеңес береді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18