Қызылордада С. Майқанованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі аяқталды
Қызылордада еліміздегі драма театрлардың ХХІІ фестивалі мәресіне жетті.
Айтулы шара «Театрдың анасы», «Қазақ өнерінің ақ желкені» атанған Сәбира Майқанованың 100 жылдығына орайластырылды.
Фестивальдің басты сыйлығын Астаналық Жастар театрының ұжымы иеленді.
Төрт күн бойы сырбойының көрермендері Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Уильям Шекспир сынды отандық және әлемдік классиктердің, сондай-ақ, қазіргі заман жазушыларының туындыларын тамашалады.
Келер жылы облыс орталығынан ашылатын жаңа өнер ордасына Сәбира Майқанованың есімі берілмек.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады
03.03.2026, 20:59
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!»
03.03.2026, 20:19
Жаңа Конституция жобасы – ұзақмерзімді дамудың берік негізі
03.03.2026, 20:15
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған ең ірі 50 елдің қатарына енді
03.03.2026, 20:12
Республикалық референдумға дайындық кестеге сай жүріп жатыр
03.03.2026, 20:09
Биыл 9 мың шақырымға жуық автожол жөнделеді
03.03.2026, 20:08
Референдум: Басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?
03.03.2026, 20:07
Израиль Ливанның оңтүстігіне әскер кіргізіп жатыр
03.03.2026, 20:07