Ресей газы азайғандықтан, Еуропа елдері көмір тұтынуға оралып жатыр
Ресей газы азайғандықтан, Еуропа елдері көмір тұтынуға оралып жатыр. Германия, Италия, Австрия, Нидерланды бұл отынды жылу электр станцияларында қайта қолдануға көшетінін мәлімдеді. Дегенмен, Германия 2030 жылға қарай көмірден мүлде бас тарту саясатын бәрібір жүзеге асырмақ. Қазір Еуропаның газ қоймалары небары 54 пайызға толы. Сондықтан, «Қарт құрлық» алдағы қыста энергетикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Мәскеу болса, бұл проблема үшін Еуропаның өзін кінәлап келеді. Айта кетсек, Ресей армиясы ақпанда Украинаға басып кіргеннен кейін Батыс елдері Мәскеуге санкция жариялағаны белгілі.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06