Алматыдағы тауарлар шекарада ұзақ тұрып қалады
Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы кеденде 15 мыңдай автокөлік тұрып қалған. Кедергілерге байланысты кәсіпкерлердің тауарлары бұзылып кететін жағдай да жиі кездеседі. Бұл туралы Алматыда өткен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды.
Бизнес өкілдері шекарадан өткен аймақ бірнеше бөлікке бөлінгенін айтады. «Әрқайсына түрлі мекеме жауап береді, әрқайсының өзіндік бюрократиялық шарттары бар.
Сол себептен тауар тасушыларға қиындық көп кездеседі» дейді. Кәсіпкерлер «кеденнен 1 күннің ішінде өту мүмкіндігі жасалса» деп отыр.
Айтуар Қошмамбетов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша директоры:
Қытай мен Қазақстан елінің арасындағы тауар айналымы ресми түрде 5 миллиард долларды құрайды. Бұл дегеніміз - Қазақстанға түспеген қаражат, салық немесе кедендік төлемдер. Осы 5 миллиардың ішінде ең кемінде 10 пайызы мемлекетке түсуі тиіс.
Кедендегі қиындықтарға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріс жүргізген болатын. Агенттік өкілдері «ол жерде кадрлар тапшы, сол себептен тауарлар ұзақ уақыт тұрып қалады» деп отыр.
Қанат Сағынбаев, Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
Заңсыз тауар өтпеу мәселесі болмауы үшін барлығы тексеріледі. Сол себептен уақыттары да созылады. Есептей келе, қызметкерлерді осы салада көбейтуіміз қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы