Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың үш құндылығын атады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Youtube» каналында Ұлттық құрылтай негізге алатын үш құндылықты атады.
Олар бірқатар идеологиялық тұжырымды қамтиды. «Бірінші ой - біздің мемлекеттігіміздің тарихы тым тереңде. Алтын Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасты. Алаш Орда кезеңінде жалғасып, тәуелсіз Қазақстан тұсында қайта жаңғырды», дейді Мемлекеттік кеңесші. Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу.
Құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытауда өтті. Екінші жиын Түркістанда болады. Мұнда барша халықты бірлікке шақырған идеологиялық ой бар.
Ерлан Қарин келелі жиын ел бірлігін көрсеткен жалпыхалықтық референдумнан кейін өткендігін де атап өтті.
Ерлан Карин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік. Республика күнін қайта жаңғыртып, оған ұлттық мереке мәртебесінің берілуі – тәуелсіздік идеясы мен мемлекеттік құндылықтарды берік орнықтыра түсуге бағытталған. Осы үш құндылық, атап айтқанда біздің мемлекетіміздің тарихи тамыры тереңде екенін таныту, ұлтты ұйысуға үндеу, мемлекет мүддесін бәрінен биік қою жаңа қоғамдық шартты қалыптастыру кезінде біздің ең басты бағдарымыз болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп АҚШ-тың Иранда жеңіске жеткенін жариялады
12.03.2026, 10:42
Тегеран мұнай нысандарына соққыны күшейтті
12.03.2026, 10:40
Жаңа конституция жобасы – заң мен тәртіп қағидатының негізі
12.03.2026, 10:37
Орта дәліз арқылы жүк тасымалы 5 есе артты
12.03.2026, 10:35
Жаңа конституция: Ел мен қоғамның жүйелі жаңғыруы
12.03.2026, 10:31
Бельгиядағы қазақстандық студенттер референдумға белсенді қатыспақ
12.03.2026, 10:28
Астанада жаңа конституция жобасы партиялар бәсекесін арттыруы мүмкін
12.03.2026, 10:23
Астанада қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
12.03.2026, 10:19