Қызылордадағы 55/47 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлығы мен ұрыс техникаларының жай-күйі тексерілді.
Ел басына күн туған жағдайда халыққа қалқан болатын ұлттық ұлан жасағының әзірлігін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан келген командирлер жіті бақылады.
Бүгінде ұлттық ұланның базасы озық отандық және шетелдік әскери техникалармен қамтылған. Мәселен, «Қаңтар оқиғасында» ішкі әскердің «Тигр» атты оқ өткізбейтін, жол талғамайтын жауынгерлік көлігі бүлікшілерге тойтарыс беруде үлкен септігін тигізді.
Мұнан бөлек, радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпке қарсы әрекет ететін техникалар да сақадай сай. Жалпы әскери бөлімнің әлеуеті жылдан жылға артып келеді. Арнайы комиссия әрбір қару-жараққа дейін түгел тексеріп, оң бағасын берді.
Дидар Болатов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ЖМБ РХБҚ қызметінің бастығы:
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұйрығы бойынша 55/47 әскери бөліміне келген мақсатымыз – жылдық техникалық байқау өткізуіне орай техникалардың жарамдылығын тексеру және әскери қызметтегі техникалардың жұмысын бақылау. Тексеріс барысында коммисия мүшелерімен осы әскери бөлімінің техникасына жоғары баға қойып отырмыз.