IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты. Премьер-министр әуелі осы жылдың мамыр айында іске қосылған MOST IT Hub Almaty инновациялық кәсіпкерлікті дамыту орталығына барды. Жалпы ауданы 5 200 шаршы метрлік орталықта кеңселер, коворкинг-кеңістіктер, ивент және бизнес-кездесулер өткізуге арналған аймақтар орналасқан.
«Алматыны үлгі етіп, еліміздің барлық облыс орталықтарында IT-хабтар іске қосылуы тиіс», деді премьер-министр.
Үкімет басшысы Mediker Hospital International жаңа көп бейінді медициналық орталығы мен «Жас маман» жобасы аясында түрлі оқу-өндірістік шеберханалармен жабдықталған Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне барды.