Түркістанда кесене жанындағы мейрамхана өртенді
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамханадан өрт шықты.
Қызыл жалын ғимараттың екінші қабатында басталған. Өрт сөндірушілер жеткенше қонақтар мен даяшылар ғимараттан шығып үлгерген.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 28 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды. Өрт түскі сағат бір жарымдар шамасында толықтай сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша 400 шаршы метрдей аумақты жалын шарпыған. Қазір оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ерік Сарыбаев,Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар қазігі таңда тіркелген жоқ. Ондай хабарлама бізге түскен жоқ. Бірақ өрт сөндірушілер арнайы киімдер арқылы ғимаратты аралап көріп шықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23