Жоғарғы соттың жаңа судьялары сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы соттың жаңа судьялары сайланды

16.06.2022

Сенат отырысында Жоғарғы соттың жаңа судьялары сайланды. Сонымен бірге, жиында энергия үнемдеу туралы заң жобасының екінші оқылымы тыңдалды. Есеп комитеті өткен жылдың есебін берді.

Мемлекет басшысының ұсынысымен Жоғары сот судьясы лауазымына екі үміткердің есімі енгізілді. Олар Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышев. Екеуі де білікті, тәжірибесі бар мамандар. Бұған дейін олардың облыстық соттарға басшылық еткені айтылды. Жиында, жоғары сотқа бірінші рет судья болып тағайындалған Әмір Досжан ант берді.

Бұдан бөлек, сенатта энергия үнемдеу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралып, Мәжіліске кері қайтарды. Депутаттар құжатты талқылау барысында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіпті. Отырыста есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.


Хабарламаларға жазылу