1 шілдеден кейін тұрғындар қалай өмір сүруі керек – Мәжіліс депутаты
Тұрғындар пәтер иелері кооперативі таратылғаннан кейін қалай өмір сүреді? Өйткені оның орнын басатын «меншік иелері бірлестігін» ұйымдастыруда біршама қате кеткен. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне жолдаған сауалында аталған жүйеге көшуге әлі дайын еместігін айтты.
Бұған реформаның пандемия кезінде жүргізілгені деп себеп екендігін жеткізді. Құжаттарында да кемшіліктер көп, дейді. Сондықтан жауапты министрлікке реформаны толық аяқтау үшін қосымша уақыт пен нормативтік-құқықтық базаны оңтайландыру қажет екенін жеткізді.
Екатерина Смышляева, Парламент Мәжілісінің депутаты:
Бірінші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі орталығының статистикасы негізгі жағдайдан түбегейлі ерекшеленеді. Сіз тек меншік иелері бірлестігінің заңды мәліметтеріне ғана сенесіз. Екінші – бекітілген мерзім 1 шілдеге дейін болғандықтан реформаны жүзеге асыру үшін жауаптылар қатаң шабуылға көшті. Одан тұрғындар уайымдап, қорқып отыр. Пәтерлер жарықтан, газ бен судан ажыратылады деген сөздер де айтылып жатыр. Халық жалған ақпараттарға бой алдырмау үшін 1 шілдеден кейін қалай өмір сүру керектігі туралы нақты және өте түсінікті ақпарат қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18