Атырау облысында адам өліміне себепкер дәрігерлер сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында адам өліміне себепкер дәрігерлер сотталды

16.06.2022

Атырау облысында қызметіне салғырт қарап, адам өліміне себепкер болған дәрігерлер сотталды.  Олар ауыр халдегі науқасты тастап, үйіне кетіп қалған.

Өткен жылдың 1 қаңтарында Құрманғазы аудандық ауруханасында пневмониямен және қант диабетімен ауыратын 44 жастағы науқас көз жұмған еді.

Тергеушілер ақ халаттылардың 29 желтоқсаннан бастап тұрғынға дұрыс диагноз қоя алмағанын және оның шағымдарын елемегенін анықтады. Ең сорақысы 31 желтоқсанда жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер ауыр науқасты тастап, үйіне кетіп қалған. Сот аталған аурухананың инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматолог маманын екі жыл алты айға бас бостандығынан айырып, үш жылға медициналық қызметтен шеттетті. Сонымен қатар, жәбірленушілердің пайдасына сегіз миллион теңге өндірілді.


Хабарламаларға жазылу