Ақтөбедегі медицина универститетін бітіретін студенттер әрі қарай оқуларын жалғастыра алмай қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі медицина универститетін бітіретін студенттер әрі қарай оқуларын жалғастыра алмай қалуы мүмкін

15.06.2022

Ақтөбедегі медицина универститетін бітіретін студенттер әрі қарай оқуларын жалғастыра алмай қалуы мүмкін. Болашақ дәрігерлер бір күн бұрын өткен тестілеу қорытындысымен келіспей, наразылықтарын білдірді. Олар қажетті ұпайды жинай алмаған. Яғни, тестілеу кезінде қандай да бір шикілік кетті, дейді. Ал, оқу орнының басшылығы «студенттер бір-бірімен алдын ала тест жауаптарын бөліскен» деп, шәкірттерінің өздерін кінәлап отыр.

Жиналғандардың айтуынша, 400-дей интерн Ұлттық тәуелсіз тестілеу орталығында бір күнде емтихан тапсырған. Алайда, барлығы 60 пен 70 балл аралығында алған. Бұл диплом алуға жеткілікті болғанымен резидентура үшін аз. Ең қызығы, еліміздегі медициналық 5 жоғарғы оқу орындағы студенттердің бәрі бірдей мөлшерде жинаған.

Гүлжамал Сағидоллова, Медицина университетінің 7 курс студенті:

Олардың ережелері бойынша, біз апплиляцияны тек тест өту барысында ғана бере аламыз. Ол кезде біз қай ответті дұрыс белгіледік, қайсысын дұрыс белгілемедік, шықпайды. Универститет бойынша қаншама адам оқиды, 400-ден астам, олардың 95 пайызы 60 пен 70 балл аралығында алуы мүмкін емес.

Ақбаян Төреғалиева тест сұрақтарының онша қиын болмағанын айтады. Емтихан біткеннен кейін көбіміз кемінде 85-90 балл жинағанымызға сенімді болдық дейді. Сол себепті бірден де апилляциға өтініш беріп үлгермеген.

Ақбаян Төреғалиева, Медицина университетінің 7 курс студенті:

Бар студенттер 60 баллдан да аз алып қалғандар. Сол үшін біз көтеріліп отырмыз. Бізге бұл тест маңызды. Себебі, бізге резидентураға түсуге мүмкіндік аз болып қалады.

Ал, білім ордасының басшылығы студенттердің өздері алдын ала бір бірімен тест жауаптарын бөліскен болуы мүмкін деп отыр. Нәтижесінің бірдей болуы да сондықтан, дейді.

Гауһар Сүлейменова, М.Оспанов атындағы батыс қазақстан медицина университеті, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті деканының орынбасары:

Олар айтып тұр, яғни, тест центр дұрыс жасаған жоқ деп. Бұлар, интерндер, біздің интерндер, астана бар, Қарағанды – бәрі бір-бірімен ақпараттарын алмастырып, сол жауапқа нақты сеніп отыр. Былтырғы сұрақ 100 пайыз келмейді. 35-40 пайыз ауысады, болды. 35-40 пайызбен өздерінің алып тұрған бағалары осы.

Тестілеуден соң университет мамандары орталықпен байланысып, тестілеуді қайта өткізуді де сұраған. Алайда, онымен интерндер келіспейді. Бізге өзіміз тапсырған тестілеу қорытындысын көрсетсін деген талап қойып отыр. Қазір бұл мәселе астанадағы Ұлттық тәуелсіз тестілеу орталығында қаралып жатыр.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Тестілеу қорытындысымен келіспеген 500-ге жуық студент енді білім ордасының басшылығынан қысым көреміз бе деп алаңдап отыр. Сондықтан, мәселе министрлік тарапынан шешілсе деген тілектерін айтты.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу