Павлодар облысында Ертіс жағасындағы тоғайлы алқапты жібек құрты жеп жатыр
Павлодар облысында Ертіс жағасындағы тоғайлы алқапты жібек құрты жеп жатыр. Зиянкестер өңірдің екі ауданында анықталды. Бір қызығы бұрын мұндай жәндіктер, тек қарағайлы орман алқаптарында кездесетін. Ал биыл тал, терек, қарағаштан басқа қайың мен еменді де отап барады, дейді орманшылар. Шалдай орман резерватында зиянкестерге қарсы улау жұмыстарын жүргізуге 17 млн теңге бөлінген.
Ал Ертістің қос қапталындағы тоғайды өңдеуге қаражат мүлдем қарастырылмаған. Сондықтан мамандар бұл аумаққа жібек құртының қай түрі келгенін анықтап жатыр.
Аждар Жүсіпов, облыстық Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы:
Жібек құртының Еуропалық және Азиялық екі түрі бар. Егер Ертіс жағалауына келгені Азиялық болып шықса онда шұғыл шешім қабылдау керек. Өйткені, ол зиянкестердің карантиндік түріне жатады. Өте қауіпті. Негізі бұлар көктемнің жаңбырсыз әрі ыстық болуынан пайда болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02