Ресми жауап: Көксарай су тасқынынан қорғау үшін салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресми жауап: Көксарай су тасқынынан қорғау үшін салынған

14.06.2022

Су ресурстар комитетінің мәліметінше, Көксарай суды ұзақ ұстауға және бау-бақша мен егіндікті суаруға арналмаған. 2011 пайдалануға берілген контрреттегіштің негізгі мақсаты - тасқын суларды жинақтап, елді мекендерді су басудан қорғау. Ал биыл Шардара су қоймасы мен Көксарайға су, өткен жылға қарағанда, аз жиналған. Мамандар мұны шаруаларға алдын ала ескертіп, контрреттегіш маңайында бақша дақылдарын екпеуге кеңес бергеміз деп отыр.

Ерлан Шаншарханов, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің ресми өкілі:

Көксарай суды ұзақ орналастыруға арналған су қоймасы болып табылмайды. Контрреттегішті пайдалану ережелеріне сәйкес ағымдағы жылдың 29 мамырына дейін Көксарайды босату жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Көксарайдағы су көлемі 24,4 млн.м3.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу