Алдағы 3 жылда елде дәрі-дәрмек жасайтын 30 өндіріс ошағын іске қосу жоспарланған. Осы арқылы фармацевтика саласындағы отандық өнімдердің үлесін 50 пайызға жеткізу көзделген. Ал экспорт көлемі 3 есе артады. Жалпы, биылғы жылдың алғашқы 5 айында дәрі-дәрмек көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Министр әлемдік ахуал мен логистикадағы қиындықтарға қарамастан, ішкі нарықты қажетті препараттармен қамтамасыз етуде мәселе жоқ деді. Керек дәрі-дәрмектің 70 пайызы медициналық ұйымдардың қоймаларына жеткізілген.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
«Украинаға байланысты 20 шақты атауы бар дәрі-дәромектің жартысына қайтадан келісім шарттар қаралып, Ресей, Үндістан жеткізушілері арқылы конкурс өткізіліп, қазір елге жеткізілуде. Бұл мәселе министрліктің қатаң бақылауында».
Дарын Сағитов