Елімізде тұрақты түрде қан тапсыратын 2 мыңнан астам адам бар
Елімізде тұрақты түрде қан тапсыратын 2 мыңнан астам адам бар. 100-ге жуық азамат «Қазақстанның құрметті доноры» атағына ие. Бұл туралы бүгінгі дүниежүзілік донорлар күніне орай, Елордада өткен брифингте айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі медициналық ұйымдар қанмен және оның компоненттерімен 100 пайыз қамтылған. Жыл сайын 80 мыңға жуық науқасқа қан құйылады. Қан орталықтарында заманауи құрал-жабдықтар бар. Донорлық қанды өңдеудің жаңа технологиялары қолданылады.
Батырхан Сарымсақов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы:
ТМД елдерінде Қазақстан бірінші рет қан донорларына екі кезеңдік скринингті енгізді. Бұл қанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, инфекциялық ауруларды анықтауға көмектеседі.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18