Қарағандыда белгісіз індеттен ірі қара қырылып қалды
Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас ірі қара мал мен бұзаулар қырылып қалды. Тағы 150-ге жуығы бақылауда тұр. Аурудың симптомдары «қарасан» індетіне жақын көрінеді. Аталған мал ауруы әдетте мүйізді ірі қарада кездеседі. Бүгінгі таңда қажетті сынамалар алынып зертханалық сараптамаға жіберілген. Мамандардың сөзінше бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады.Сондай-ақ ауру дәлелденген жағдайда вакциналау жұмысын жүргізу мәселесі де қаралып жатыр. Алайда, өңірде вакцина тапшылығы бар. Қазір облыс қажетті екпемен тек 30 процентке қамтылған дейді ветеринариялық дәрігерлер.
Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ ветеринарлық қадағалау комитеті облыстық инспекциясының жетекшісі:
4 жасқа дейінгі малдардың өлімі тіркеліп отыр, бүгінгі күні олардың барлығы өртеліп, жағылды. Жәнеде Шет ауданы Ақшоқы елдімекенінің кіреберісіне санитарлық бекет қойылды. Бұл адамдар мен техника кіріп-шыққан кезде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18