Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазатын шетел азаматтарына тосқауыл болмай тұр.
Кезекті рейд барысында Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда емдік өсімдіктерді жинап жүрген көрші елдердің 51 азаматын анықтады. Құжаттарын тексеру барысында олардың 31-і Өзбекстаннан, 17-сі Тәжікстаннан шекара асып келгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Еліміздің Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шара көріп, ел аумағынан аластатты. Полицейлер мұнымен шектелмей, шетел азаматтарын кім алып келгенін және оларға қатысты тексеру шараларын жүргізуде.
Айта кетейік, бұған дейін де Арыс қаласы мен Отырар ауданы аумағында заңсыз кеурек жинап жүрген жүздеген шетел азаматы елден шығарылған еді.